Атыраулық Гүлзия Бекболат 7 сәбиінің өліміне жекеменшік балабақша қызметкерлерін кінәлайды, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Гүлзияның, бөбекжай мамандары баласына дұрыс қарамаған. Келіншек тіпті қызметкерлер ұлыма қол көтерді ме деп күмәнданады. Өйткені, сараптама қорытындысында нәрестінің қатты затпен ұрылғаны жазылған екен. Бір жылдан бері әділдік іздеген ана баламды өлтіргендер тиісті жаза арқалауы керек деп отыр. Ет жүрегі елжіреген Гүлзия Бекболат жеті айлық ұлынан айырылып қалғанына әлі де сене алар емес. Қайғылы жағдай былтыр қазан айында болған. Айтуынша, бесікте жатқан баласының көзі айналып, денесі суықтай бастаған сәтте бөбекжай қызметкерлері бірден хабарласып, ұлын емханаға апарған. Бірақ, дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткенімен сәбиін аман алып қала алмапты. Келіншек, сау баласының бұрын-соңды ешқандай сырқаты болмаған еді деп отыр. Сондықтан, ол ұлым бесікке қысылып қалуы мүмкін деп топшалайды.
"Балам балабақшада бесікте жатып қайтты. Сағат 4-тер шамасында бөлеп баламды тастадым деді, бір сағаттан соң қараса баламның көзі айналып салқындап кетті деді. Денесі, реаниматологтың айтқаны бойынша баланы бесіктен шешкен соңғы демі біткен соң жүріп кетті деді. Балам жіпке қысылып қалуы мүмкін. Экспертиза бронхы, пневмония деп берді. Келіспеймін. Әркім өз жазасын алсын. Іс сотқа жеткенін қалаймын. Істі қысқартты жетпеді сотқа", – дейді Гүлзия Бекболат.
Ал бөбекжай өкілдері баланы үйден қабылдайтынын растады әрі заңсыз жұмыс істегендерін де мойындап отыр. Бірақ, анасының айтқанын жоққа шығарды. Дәлірек айтсақ, сәби әу баста ауырып жүрген. Дегенмен біз өз тарапымыздан алғашқы көмек көрсеттік дейді. Ал білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мамандары бұрын-соңды мұндай жекеменшік балабақшаның барын білмегендерін айтады.
"Қалалық полиция бөліміне қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілді. Баланың өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалған, сараптама қорытындысына сәйкес қылмыстың құрамына болмауына байланысты қылмысттық іс қысқартылған", – дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.