Қарағанды облысында 34 жолаушысы бар автобус отқа оранды

5 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 960-шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлігінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автобус Астанадан Шымкентке бара жатқан. Мотор бөлігіндегі өрт өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілген.

Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап, жол бойындағы кемпингке жеткізді. Онда оларға қажетті көмек көрсетілді.

Автобус салонында 34 жолаушы болған, олардың ішінде 9 бала бар. Жолаушылардың арасында Өзбекстанның 5 азаматы да болған. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Автобус автожол тасжол жолаушы