Қазақстандық блогер әрі интервьюер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушысы блогерге тосыннан жеке сұрақ қойды: "Әкеңізді кешірдіңіз бе?"
Айсәуле Бақытбек бұл сұраққа жауап берді.
"Кейде кешіру мен түсіну мүмкін емес. Алайда мен оны қабылдаймын және жақсы көремін", - деді желі жұлдызы.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек әкесімен кездескен сәтінен сурет жариялаған болатын.