Батыс Қазақстанда үй өртеніп, бес бала қаза тапты

4 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қайғылы оқиға 4 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша балалар иісті газдан уланған. Бес бала жедел жәрдем бригадасымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер келген кезде балалар ешбір белгі бермеген.

«Медициналық қызметкерлер барлық мүмкіндікті қолданды, бірақ, өкінішке орай, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

«БҚО ТЖД-ның 112 пультіне Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Сағырбаев көшесінде жеке тұрғын үйдің өртенуі туралы хабар түсті. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тауып, оларды медицина қызметкерлеріне тапсырды. Өкінішке қарай, балалар ауруханада көз жұмды. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында БҚО ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмыс істеуде», – деп мәлімдеді ведомство.

 

Тэгтер:

өрт Балалар Батыс Қазақстан