«Мальдив немесе Таиланд па деп ойлап қалдым»: Ресейлік дәрігер Ақтаудағы теңіздің тазалығына тамсанды

4 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Махачкаладан Ақтауға келген стоматолог-ортопед Али Байрамбеков Каспий теңізінің тазалығына таңғалып, әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді.

«Бізде Махачкалада, Каспийскіде жағажайлар лас және ол жерлерде суға түсуге тыйым салынған. Ал Махачкалаға қарсы орналасқан қалада, яғни Қазақстандағы Ақтауда теңіз суы мұнтаздай таза. Теңіз біреу-ақ», – дейді Али Байрамбеков.

«Мен бұл жерді Мальдивы немесе Таиланд па деп ойлап қалдым. Су мұнтаздай тап-таза», – деді дәрігер жеке парақшасында.

Тэгтер:

Ақтаудағы теңіз ресейлік дәрігер теңіз тазалығы Мальдив