Ыстанбұлдағы Арнавуткёй ауданының тұрғыны ауласына түскен ұрыларға қыздардың киімін кигізіп, камераға кешірім сұратқан, деп хабарлайды turkystan.kz Milliyet-ке сілтеме жасап.
Фермердің мәлімдеуінше, ұрылар оның бағып отырған құстарын ұрлап әкеткен. Оларды ұстап алған шаруа қожалығы иесі екі ұрыға қыздардың киімін киюге мәжбүрлеп, кешірім сұрағандарын камераға түсіріп алған. Кейін ол видеоны достарына жіберген, ақырында желіге таралып кеткен. Видеода олардан кешірім сұратып, соңында екеуіне «Біз әйел болуға міндеттіміз» деп айтқызған.