Әлемдегі ең ақылды екі жасар бала кім?

4 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
Фото: guinnessworldrecords.com

Екі жасар ұлыбританиялық Джозеф Харрис-Бертилл әлемдегі ең ақылды бала атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Интеллектісі жоғары адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық қауымдастығы екі жасар баланы ең ақылды деп таныды. Оның IQ-і – 98 ұпай.

Тестілеу нәтижесіне көп маман таңғалған. Джозефтің ата-анасы университетте сабақ береді. Олар ұлының айрықша қабілетін ерте байқаған. Ол алты айлығында аунай білген әрі жеті айлығында сөйлеп бастаған. Бір жарым жасында алғашқы кітабын оқыған.

Екі жасар Джозеф 10 минут бойы тоқтамай оқи алады, 100-ге дейін санай алады, әрі ол бес тілде санауды біледі. Сонымен қатар ол Морзе және грекиялық әліпбиі мен Менделеев кестесін жетік біледі.

Тэгтер:

ең ақылды бала екі жасар бала әлемдегі ең ақылды бала