Қазақстан футболындағы төрелік ре­форманы қажет етеді – шетелдік маман

4 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
egemen.kz

Қазақстан футбол федерациясы Төрелік және инспек­ция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан футболындағы төрешілердің қызметіне реформа жасау қажет екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік маман «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында төрешілердің кәсіби даярлығы, VAR жүйесінің артықшылығы мен олқылығы, сондай-ақ УЕФА талаптарына сай реформа жасау бағытында қолға алынған нақты қадамдар туралы айтып берді.

"Қазақстанға келгенімізге екі айдай болғанына қарамастан, премьер-лиганың барлық матчын, сондай-ақ кубок пен суперкубокты қарап шықтық. Жасыратыны жоқ, футболдағы төрелік ре­форманы қажет етеді. Әрине, көп­ші­лік­тің назары премьер-лигаға бағыт­талған, себебі негізгі қателік сол жер­­де көзге түседі. Бірақ бұл жоғары лигаға ғана қатысты емес, бірінші және екінші лига да, әйелдер чемпионаты да дамудың жаңа деңгейіне шығуы қажет. Тө­реліктің қазіргі жағдайы – бірнеше жыл бойы жиналған проблеманың салдары", – дейді маман.

Тэгтер:

төрешілер Реформа Қазақстан футболы шетелдік маман