Қазақстандық әскери қызметкерлер Иорданияда өтетін халықаралық жарыста ел намысын қорғайды

4 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
gov.kz

Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің командасы 14-ші Warrior Competition 2025 халықаралық жарысына дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр.

Жыл сайын өтетін жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелердің қатысады деп жоспарлануда.

Әскери қызметкерлер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды.

Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.

Сабақтар төзімділікті, психологиялық тұрақтылықты және жылдам шешім қабылдауды тексеруге бағытталған.

Тэгтер:

Иордания әскери қызметкерлер халықаралық жарыс ел намысын қорғау