Нұрлан Еспановтың келіні үшін әзірленген алып торт талайды тамсандырды (ВИДЕО)

3 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас әлеуметтік желіде той кезінде түсірілген ерекше видеоларды жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Кадрдан жас жұбайлардың құрметіне әзірленген үлкен тортты көруге болады.

«Эксклюзивті тортымызды алдырайық. Бұл - тек Олжас пен Айнұрдың тойына әзірленген қайталанбайтын нағыз экслюзивті торт. Недеген керемет көрініс! Бәріміз бірге қаттырақ қол соғып қояйық», - деді тойда асабалық еткен азамат.

Осыдан кейін екі жас бір-біріне торттан дәм татқызды.

Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.

«Ужассс, не деген үлкен торт?!», «Керемет!», «Өмірлерің торттай тәтті болсын!» деп жазды эмоциясымен бөліскен желі қолданушылары.

Тэгтер:

той Үйлену Нұрлан Еспанов Олжас Еспанов торт Айнұр