«Балқия» атымен танымал Нұргүл Мыңғатова түсірілім кезінде жарақат алды (ВИДЕО)

3 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Актриса Нұргүл Мыңғатова «Келінжан» фильмінің кезекті түсірілім кезінде басын темір бағанға соғып, жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алайда ол оқыс жағдайға қарамастан түсірілмді жалғастыруға бел буған. Ал оның айналасындағы әріптестері тоңаызтқышта тұрған етті әкеліп, шекесіне басқан. Тісін тексеріп, отпен аластаған.

«Қауғалақтап жүріп трубаға соғылған ғой. Осы «Келінжанды» аман-есен бітірейікші», - деп жазыд фильмнің продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде.

Тэгтер:

жарақат Гүлнұр Мамасарипова Келінжан фильм Нұргүл Мыңғатова