Астанада лауазымын асыра пайдаланған экс-шенеунік сотталды

3 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б.Жолтайға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Осы әрекеті арқылы мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірген.

Сот оны мемлекеттік қызмет қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Сот Шенеунік департамент