Жетісуда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар

3 маусым, 2025 / Алуа Арман

Текелі қаласында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, ал үшеуі хирургия бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты, қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр. Оқиға фактісі Текелі қалалық полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі уақытта іс бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Тэгтер:

Жол апаты Жетісу Жедел жәрдем