Халықаралық іздеу салынған алаяқ Албанияда ұсталды

3 маусым, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды turkystan.kz.

2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдаған.

Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.

ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.

Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз!

Тэгтер:

Алаяқ Албания