Қаржаубай пышақпен "атылмағанда", Нұрқанат мылтық атпағанда мұндай жағдай болмас еді – айыпталушы

3 маусым, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біз ешқандай да қылмыстық топ емеспіз. Және қылмыстық топ құрып, қасақана қылмыс жасау ниетіміз боллмаған. Мұндай оқиға боларын білгенде біз ол жерге бармақ түгілі жоламайтын едік. Шерзат Полат Дархан Әскентайды ұрмағанда, Қарждаубай қолына пышақ алып, қайта-қайта атылмағанда, Шерзат Нұрқиясты бірінші болып ұрып, төбелесті бастамағанда, Нұрқанат Ғайыпбаев мылтық әкеліп, бізді атпағанда мұндай жағдай болмас еді. Ажалы келген адам уақыты келгенде жалған өмірмен қош айтысады. Біз себепкер болып тұрмыз», - деді айыпталушы Шыңғыс Белғожаев.

Сондай-ақ ол жәбірленуші тарап талап еткен 660 млн теңге өндіру туралы талап-арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

«Талап-арыз бойынша 660 млн шығып тұр. Осы отырған тоғызымыз Қазақстанда өмір бойы жұмыс істесек те мұндай ақшаны таба алмаймыз», - деді ол.

Тэгтер:

Айыпталушы сот отырысы Шерзат Полат Қаржаубай Нұрымов Нұрқанат Ғайыпбаев Шыңғыс Белғожаев