Шерзат Полат өлімі: Сотта айыптаушылардың аналары соңғы сөздерін айтты

3 маусым, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушылар мен олардың аналары бірінші кезекте жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, өздерінің қылмысын әділ саралап, әділ бағасын беруді сұрады.

Дидар Қалиахметтің зайыбы сотта куәгер болған екі қыз – Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованы да жазаға тартуды сұрады. Оның айтуынша екі қыздың да күйеуінікіндей кінәсі бар.

Ал айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев «Денсаулық қойып тастайсың, Хуторскиймін» деген әңгіме айтпағанын жеткізді.

Шерзат Полаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп танып, оған қылмыстық іс қозғауды сұрады.

 

Тэгтер:

Шерзат Полат Қаржаубай Нұрымов айыпталушылар