«Бұл жерде бәрін мен шешемін»: Адвокат Бағдат Амандосұлы өзін сот процесінен Мейірман Шекеевтің шеттеткенін мәлімдеді

3 маусым, 2025 / Алуа Арман
Коллаж: Turkystan.kz

Марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процестеріне жәбірленуші тараптың адвокаты ретінде қатысқан Бағдат Амандосұлы соңғы сот отырыстарына қатыспай, өзінің шеттетілгенін айтқан болатын. Бүгін ол өзін әріптесі Мейірман Шекеевтің шеттеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz

Айтуынша күні кеше өткен сот жарыссөзіне қатысу үшін келсе де, соңғы сөзін айта алмаған. Мейірман Шекеев оған мүмкіндік бермеген.

«Бүгінгі Шерзаттың сот отырысына Нұрболат Ибраев екеуміз келдік. Екеуміз заң кеңесшілеріміз. Біз осы марқұм Шерзаттың ісінде жәбірленушілердің сенімхат бойынша мүдделерін қорғағанбыз. Бұл қалай болды? Өздеріңіз білетіндей Шекеев Мейірманның компаниясы бар. Сол компания арқылы біз заң көмиегін тегін көрсету туралы шарт жасаймыз. Мейірман Шекеевтің компаниясының атынан сот прооцесіне қатысу жөнінде бәрімізге сенімхат берілген. Бір сенімхатта бірнеше адвокаттар мен заңгерлер болатын. Белгісіз себептерге байланысты мен Мейірман мырзаға хабарласа алмаймын. Менде бір процестер болды. Соған өткен сот отырыстарында алдын-ала сұранғанмын. Ол мені жіберген. Сөйтіп өзі жіберіп алады да, келесі күні «сен сенімнен шықтың, бүйттің, сүйттің» деп айтады. Мен түсінбей қайта хабарласам. Ватсаптағы топтан мені шығарып жібереді, түсіндірмейді. Мейірман мырзаға хабарласамын, жазамын, түк шықпайды. Бүгін біз сот хатшысы арқылы біздің сенімхаттың жойылмағанын білдік. Сөйтіп жарыссөзге келдік. Дайындалып, видеоларды талдап келдік. Бүгін соңғы сөзімізді сөлейуіміз керек еді. Алдайда Мейірман мырза бізді көріп «Сендер сотта сөйлемейсіңдер, бұл жерде барлығын мен шешемін, мына кісілер сөйлейді, егер сендер қазір сөлейтін болсаңдар позор боласыңдар, бүкіл ел көріп отыр, сот залынан шығарып жібереді» дейді. Соған қарамастан Нұрболат Ибраев екеуміз келдік, басымызды тігіп сотқа кірдік. Соңғы сөзімізді айитқымыз келді. Алайда Мейірман ағаларың бізді соттан шеттету үшін жарыссөзде өтініш хатты компанияның атынан емес, өзінің атынан беріп, сөйтіп біз шеттетілдік», - дейді ол.

Тэгтер:

сот отырысы адвокат шеттету сот процесі Шерзат Полат Бағдат Амандосұлы Мейірман Шекеев