Түркияның Мармарис аймағының маңында түнгі екілер шамасында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz TRT Haber-ге сілтеме жасап.
Аймақ губернаторы Муглы Акбийик жер сілкінісі салдарынан 69 адам зардап шегіп, 14 жастағы қыз шошығаннан қайтыс болғанын хабарлады.
Аймақ тұрғындары саябаққа жиналып, түнді сонда өткізуге мәжбүр болған.
«Қазір жер сілкінісінен 69 тұрғынымыз зардап шекті. 55 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, оның ішінде 10 тұрғын жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. 14 адам ауруханаға барғысы келмей, сол жерде ем-домын алды. Өкініштісі сол, шошынып, үрейге бой алдырған 14 жастағы тұрғынды құтқару мүмкін болмады», – деп хабарлайды губернатор.