Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

3 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Freepik

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 3 маусымда Алматы қаласында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі., — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.