Блогер паркте сүйісіп отырған жастарды байлап тастады (ВИДЕО)

2 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Алматылық блогер жастарды "тәрбиелеймін" деп жасаған әрекетінің видеосы әлеуметтік желі қолдануышыларының сынына қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеода паркте жайбарақат сүйісіп отырған жастарды скотчпен байлап тастады.Кейін ештеңе деместен қаша жөнеледі.

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл әрекетті қолдаса, ал кейбіреулері бұны жеке шекара бұзу деп сынады.

"Несі дұрыс бұның? Жастар қазір ешкімнен ұялмайды да қымсынбайды бірақ мұндай әрекетті құптамаймын", "Өте дұрыс жасадың", "Оданда барып ескерту айтып кеткен дұрыс еді, Алладан қорқыңдар деп. Скотч қате кетті ау….", - деді желі қолданушылары.

Тэгтер:

Алматы жастар парк сүйісу