Алматы қаласының Шапағат ауданында жеке тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2 маусым күні сағат 13:55-те Алатау ауданы Шапағат шағын ауданы, Биянху көшесіндегі үйдің құрылымдарын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған азаматтың мәйіті табылды. 1980 жылы салынған саман үйде ыстық су жүйесінің жарылысы салдарынан құрылымдардың құлағаны алдын ала анықталды», – деп хабарлады ТЖД.
Ведомство өкілдері оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын қосты.