Шерзат Полат өлімі: Судья Жан Ахмадиевті сот залынан қуып шықты

2 маусым, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөз басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысына қатысуға белсенді Жан Ахмадиев келген. Судья одан:

 – Сіз кімсіз? Жай қатысушысыз ба? Онда шығыңыз, - деді.

Осыдан кейін Жан Ахамдиев сот залынан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінгі жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушыларға 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Тэгтер:

сот отырысы судья Шерзат Полат Жан Ахмадиев