Ұрлық жасаған топпен бірге полицей де ұсталды

Ұрлық жасаған топпен бірге полицей де ұсталды

Ұрлық жасаған топпен бірге полицей де ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат». «Әзірлік соңғы үш айда жүргізілді, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. - Наурызда қылмыстық іс бойынша құрылған жедел тергеу тобы ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеп, ұстады. Олар Тараз бен Жамбыл облыстары аумағында - автобус, базар, адам көп жиналған орындарда қалтаға түсумен айналысқан». Тергеу қылмыстық топты бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған М. ұйымдастырып, басқарғанын анықтады. Ол маңайына өзі сияқты бұрын сотталған үш адамды тартқан. Қазірде олардың барлығы ұсталды. Сот шешімімен «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық топтың барлық мүшелеріне ҚР ҚК 262-бабы, 188-бабы 4-бөлігінде көзделген айып тағылуда. Әзірге осы топқа байланысты 15 эпизод қаралуда. «Әзірлік және соталды тергеу барысында облыстың ІІД аумақтық бөлімшелерінің бірінің жедел қызмет полицейі Ш-ның өз міндетін орындауда лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған жағдай анықталды. Қызметкер қазір ұсталды, оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр», - деді баспасөз қызметінен.