Құлсарыдағы жарылыс: қаза тапқандар кімдер екені анықталды

31 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Атырау обл. әкімдігі

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті Instagram парақшалардың мәліметінше, марқұмдар жанармай құю бекетінің қызметкерлері болған. Жарылыс кезінде олар ауысымда болған.

30 мамырда кешке 18:45 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қайтыс болған.

Жарылысқа байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.