Жеңіл атлеттер Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей тағы екі жүлде жеңіп алды

30 мамыр, 2025 / Алуа Арман
kazsports.kz

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды turkystan.kz

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшымыз Дейзи Джепкемей (9:12.46)  қолаға қол жеткізді. Күміс Үндістан өкілі Парул Чаудхариға  (9:12.46) бұйырды.

Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.

Тэгтер:

Қола жүлде Азия чемпионаты жеңіл атлетика жеңіл атлет