Brent маркалы мұнай бағасы қайтадан арзандап кетті

30 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сарапшылардың мәліметінше, бағаның төмендеуіне ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіру көлемін арттыруы және Трамптың тарифтік саясатына қатысты белгісіздік әсер етіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 63,4 долларға дейін төмендеді (-1,5).

Сонымен қатар, Халықаралық энергетикалық агенттік Қытайдағы сұраныстың төмендеуі мүмкін екенін ескертті.

Осы уақытта Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан ОПЕК ұйымына мұнай өндіруді қысқартпайтынын ресми түрде мәлімдеді.

«Біз ОПЕК-ке мұнай өндіруді қысқартпайтынымызды және өз мүмкіндігімізге сай өндірісті жалғастыратынымызды хабарладық», — деді энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Тэгтер:

мұнай баррель