Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

30 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2022–2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, көп пайда беремін деп уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

Күдіктінің қылмыстық әрекетінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың қарашасында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тэгтер:

Алаяқ Экстрадиция