Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

30 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан

Ақтөбеде бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алға қаласында 5 жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдайда, облыс орталығында 3 жасар бала да екінші қабаттан құлап жарақат алып, ауруханада жатыр.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Тэгтер:

Аурухана Бала Ақтөбе Терезе