Туған жеріне сағынышпен оралған қарияның видеосы жұртты жылатты (ВИДЕО)

30 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Әлеуметтік желіде туған жеріне қайа оралып, сағынышын басқан қарияның видеосы көпшілікті тебірентті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қария көп жыл жырақта жүріп, туған жеріне оралған. Видеода оның топыраққа балаша аунап, көз жасына ерік бергенін көруге болады.

«Қазақстанға жетер жер жоқ», «Туған жердің құдіреті қадір-қасиетін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жүрегің езіледі ғой», «Атамыз қатты сағынған ғой. Туған жердің топырағына аунап, мауқыңызды басқаныңыз дұрыс», «Атамыз ұрпағымен жүз жасасын!», - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

видео сағыныш қария туған жер ата