Өскеменнің қақ ортасында трактор жанып кетті

30 мамыр, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Өскемен қаласының Есенберлин даңғылында жолдың жүру бөлігінде трактор жанды. Құтқарушылар жанып жатқан тракторды сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ автокөліктің техникалық жай-күйін мұқият қадағалауды және уақтылы техникалық тексеру өтуді ескертеді. Көлікте істеп тұрған өрт сөндіргіш болғаны жөн.

Тэгтер:

өрт Өскемен трактор