Шымкентте 102 жастағы соғыс ардагері қайтыс болды

30 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
@otyrarkz

Бүгін 102 жастағы соғыс ардагері Нина Игорьқыщы Мосунова қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Жас қыз Нина 1942 жылы өз еркімен майдан шебіне аттанған.

Нина Мосунова Екінші дүниежүзілік соғыста телеграфшы болған, кейін радистер бөлімінің командирі қызметін атқарған.

Сұрапыл кезеңде қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, Нина байланысты түзеуге тырысқан.

Көрсеткен ерлігі үшін ол көптеген орден және медальдармен марапатталған.

Нина Мосунова Шымкентке 1948 жылы көшіп келген.

Тэгтер:

Шымкент Соғыс ардагері 102 жастағы Нина Мосунова