Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Түркістан облысының Экология департаментінің «Қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ға салған 70 млн теңге айыппұлдың дұрыс есептелмегендігін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде әкімшілік айыппұл сомасы 18 млн тенгеге дейін азайтылды. Осылайша инвестордың құқығы қорғалды.
Кемшіліктің орын алуына жол берген Түркістан облысы бойынша Бас мемлекеттік инспекторға тәртіптік шара қолданылды.