Көкшетаудағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Самир Қасымов 24 шетелдік университеттен шақырту алып, халықаралық деңгейде жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысының білім басқармасының мәліметінше, Самирдің қажырлы еңбегі мен терең білімі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Аустралия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері секілді алпауыт елдердің жетекші университеттерін назар аудартқан.
Оның бұл жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс.