27 мамырда сағат 13:00-ден кейін Адель Нурхасимова мектептен шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап
«VITA» іздестіру жасағының мәліметінше, ол №39 мектептің ауласынан белгісіз бағытта шығып кеткен.
12 жастағы Адельдің бойы 156-158 сантиметр. Ол арық денелі, көзі қоңыр, шашы ақшылдау және ұзын. Оқушы далаға сұр түсті спорттық киім, джинсы, ақ түсті кроссовки киіп шыққан. Еріктілердің айтуынша, оның қасында құрбысы болған.
Еріктелер Адельді көрген немесе оның орналасқан жерін білген адамдарды келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 Катерина және +7 (777) 334 82 01 Светлана.