Түрмедегі сотталған азаматтарды экстремистік ұйымға тартқандар анықталды

29 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбылда сотталған үш адам жазаларын өтеп жүрген кезінде абақтыдағы басқа сотталушыларды жинап, «Т» аталатын халықаралық діни-экстремистік ұйымының қызметіне қатысуға шақырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар бұл ұйымның қызметіне сот тыйым салғанын білген. Біле тұра ұйымның жақтастарының санын көбейту үшін сотталушылар арасында үгіт-насихат жүргізген.

Сот үкімімен үшеуі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге діни қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, әрқайсысы 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

Түрме абақты діни экстремистік ұйым