Есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат Ресейде ұсталды

29 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұсталған азамат 2024 жылы облыс аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.

 

Тэгтер:

Есірткі Экстрадиция есірткі зертханасы