Қазақстандық емші жылан мен кірпі етінен сорпа әзірлеп, қатерлі ісікке қарсы емдік қасиетін айтты

29 мамыр, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Ер адамның айтуынша, ол қазанда жыланды қайнатып, етке көкөністер — картоп пен сәбіз қосқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал кірпі тері аурулары мен жүрек ауруларын толықтай емдейді екен.

Бейнеролик авторы өзін емші ретінде таныстырып, мұндай қайнатпаны күніне екі рет ішу –  онкологиялық аурулардан айықтыратынын айтты.

Видео жылдам танымал болып, жүзден астам пікір жинаған. Қолданушылардың пікірі екіге бөлінді: біреулері халық еміне қызығушылық білдірсе, енді біреулері обыр ауруын емдеуге қатысты тексерілмеген ақпараттың таралуына алаңдаушылық білдірді.

 

Тэгтер:

жылан сорпа емдік қасиет емші кірпі