Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, - деп хабарлайды turkystan.kz.
- «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.