Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

29 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 29 мамырда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.