Астаналық алаяқ әнші МОТ-тың концертіне жалған билет сатқан

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері интернет алаяқтығын жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында OLX қосымшасына Мот есімді әншінің концертіне билет сатамын деген жалған хабарландыру жариялағаны анықталды.

Ол алданған азаматтардан ақшаны өзінің емес, досының банк шотына аударуды сұраған.

 Алайда уәде етілген билеттерді жібермей, кейін хабарласқандармен байланысын үзіп отырған.

Қазіргі уақытта оның үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Ақшалай операциялар кезінде тексерілмеген тұлғаларға сенбеуге, ресми және сенімді дереккөздерді ғана пайдалануға кеңес береді.

Тэгтер:

Алаяқ концерт әнші билет жалған билет