Әдейі банкрот болған кәсіпкерге айыппұл салынды

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбылда жеке кәсіпкер кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындамау үшін, әдейі банкрот болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуіріне дейін есеп айырысу шотынан 46,4 млн теңге қолма-қол ақшаны шешкен. Бұдан бөлек, есептен көлік құралын да шығарған. Жеке кәсіпкердің кредиттік берешегі 14 млн теңгеден асқан.

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкердің соңғы 3 жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріс жүргізіп, оның әдейі банкрот болғанын анықтаған.

Сот отырысында кәсіпкер өз кінәсін мойындап, барлық табыс жеке тасымалдаушылармен есеп айырысуға бағытталғанын түсіндірген.

Сот қаулысымен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған 550 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл кәсіпкер банкрот