Келушілер Ботаникалық бақтағы балықтарға тас лақтырған

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматыдағы Ботаникалық бақта келушілер тоғандағы алтын балықтарға тас лақтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kris_p_almaty Telegram-арнасы жариялаған кадрларда, тыйым салынғанына қарамастан, Ботаникалық баққа келушілер балықтарды ұстауға тырысып жатқаны, тоғанға нан, жапырақ, таяқ, тас лақтырғаны көрінеді. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Бұл алтын балықтар бірнеше жыл бұрын Ботаникалық баққа сыйға берілген.

Тэгтер:

балық тас ботаникалық бақ