Шерзат Полаттың өлімі: Күдіктінің адвокаты судьяға қарсы шағым түсірді

28 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің бірінші жартысында сотталушы А.Н.Шынасылдың қорғаушысы Ж.Қ.Әбеновтің төрағалық етуші судья Е.С.Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.

Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды.

Біз сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

күдікті Талғар судья адвокат Шерзат Полат