Алматылық келіншек мессенджерлердегі хат-алмасу чаттары арқылы адам жинап, Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, арзан бағамен ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да заттарды жеткізіп беретінін айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс жүзінде ол өзінің 12 туысқанымен бірігіп, өзі шығынға ұшырай отырып, Алматының базарларынан тауар сатып алған. Ол шығындарды кейін түскен көтерме тапсырыстармен өтеген. Адамдардың тапсырыстарын 6 айдан 12 айға дейін күттірген.
Бас-аяғы 13 туысқан халықтан 4,6 млрд теңге алған. Ол ақшаға қымбат автокөліктер, пәтерлер, үйлер, жер, киімдер сатып алған. Саяхаттаған, букмекерлік кеңселерге ақша тіккен.
Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды.
Республика бойынша 290 адам жәбірленуші ретінде танылған.
Қазір Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.