Риддер қаласында қар жауды (ВИДЕО)

28 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Әлеуметтік желіде Риддерде кеше қар жауғаны туралы видео тарап кетті. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін түнде облыстың шығысы мен солтүстігінде тағы қар аралас жаңбыр жауады.

– 29 мамырда облыстың шығыс бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1-ден +6°-қа дейін, шығыс пен солтүстікте -2°-қа дейін суытуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қала Риддер Қар Шығыс Қазақстан мамыр