Жілік атауларын жатқа білетін 2 жасар бала көпті таңғалдырды (ВИДЕО)

28 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Әлеуметтік желіде немересіне жілік атауларын үйреткен атаның тараған видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеода бала атасының айтқанын тез меңгеріп, әр сүйектің атын дәлме-дәл қайталайды. 

Оқырмандар «Міне нағыз ұлттық құндылық», «Осындай аталарымыз көп болсын!», «Ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды», - деп пікір білдірді.

Тэгтер:

Бала атау жілік 2 жас