Пойызда жолсеріктер жүкті әйелді босандырып алды

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Қазақстан ұлттық телеарнасы

Келіншек жоспар бойынша кесір тілігімен босануы керек болған, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. 

«Астана – Жезқазған» бағытындағы пойызда дүниеге келген қыз баланың салмағы – 2,9 кг.

Алайда төтенше жағдайға қарамастан, вагон жолсеріктері өз күштерімен босандырып алған. Олардың бірі – 35 жылдық тәжірибесі бар Алтынай Галиуллина.

«Бірінші баласын кесір тілігімен босанғанын естігенде қатты қорықтық», – дейді ол.

Қазір ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Олар ауруханаға жеткізілді.

Тэгтер:

Бала сәби ана Пойыз жүктілік Жолсерік босану