Дәулет Тұрлыханов: Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға арналған электр энергиясының жоқтығы – өзекті мәселе

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Мәжілістің баспасөз қызметі

«Amanat» партиясы фракциясының депутаты Дәулет Тұрлыханов Бүгін өткен Мәжіліс отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен коммуналдық секторларды жаңғырту мәселесіне тоқталды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - бұл жай ғана үйлерді күтіп ұстау жүйесі ғана емес, ол халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне,әл-ауқатына және елдің экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды элемент. Бұл ретте бұл саладағы бірқатар өзекті мәселелерді атап өткен жөн деп есептейміз.

Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға арналған стратегиялық тауарлардың тізбесі, атап айтқанда, онда электр энергиясының жоқтығы өзекті мәселе болып отыр. Басқа міндеттермен қатар, бұл тізім нарықтағы жасанды тапшылықтар мен алыпсатарлықты болдырмау үшін жылу энергиясын өндіру үшін маңызды ресурстарға бағаны реттеуді қамтамасыз етуге және жылумен жабдықтауға байланысты материалдар мен қызмет бағасының тұрақтылығын, сондай-ақ жылу энергиясы тарифтерін өсірмеу үшін жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Бүгінгі таңда «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға арналған стратегиялық тауарлардың тізбесіне көмір, газ, мазут және дизель отыны еңгізілген. Кейінгі жылдары жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындарда пайдаланылатын электр энергиясы көлемі тарифтік құрылымда стратегиялық тауарлар көлемінен асып кетті. Бұл жағдай коммуналдық қызмет көлемінің оның ішінде электр энергиясы тарифінің өсуіне байланысты.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының жылумен жабдықтаушы ұйымдарына жүргізілген талдау көңіл көншітпейтін нәтиже көрсетті. 2021 жылы 5 жылдық тариф бекітілген кезде бір ғана жылумен жабдықтаушы ұйымның қаржылық талдауы электр энергиясының құнын 344,7 млн теңге деп көрсетсе, 2024 жылдың қорытындысы бойынша осыған ұқсас шығыстар қазірдің өзінде 1,124 млрд теңгені құрады, пайыздық өсім 326% құрады және жергілікті атқарушы органдардың оны бюджет арқылы субсидиялауға мүмкіндігі жоқ, – дейді депутат.

Дәулет Болатұлының айтуынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша көмірге жұмсалған шығындар бір миллиард теңгеден асқан. Осы жағдайдың салдарынан, электр энергиясын сатып алуға кететін шығынды тарифке енгізе алмағандықтан, жылумен жабдықтаушы ұйымдар жөндеу жұмыстарына жоспарланған инвестицияны едәуір қысқартуға мәжбүр болған (2024 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын сатып алу шығыны 795 млн теңгені құраған).

«Тұтынушыларды жылу маусымына дайындау мәселесі  ішкі жылыту жүйелерін реттеу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сондай-ақ тұтынушылар тарапынан жылу жабдықтарының жай-күйін тиісті деңгейде бақылаудың болмауы, бұл салада білікті мердігер ұйымдардың жетіспеуі сияқты жүйелі мәселелер бар.

Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорындардың пайдалану жауапкершілігінен тыс объектілерде жазатайым оқиғалар орын алған жағдайда табиғи монополиялар субъектілері бұзушылықтарды жоюды өз мойнына алуға мәжбүр болатын тәжірибе қалыптасты. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кірмейді және қолданыстағы тариф есебінен өтелмейді, тиісінше, осыған байланысты шығыстар жөндеуге көзделген инвестициялар есебінен жабылады.

Ішкі жылыту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу қызметтері технологиялық жағынан негізгі реттелетін қызметке байланысты болғанымен, заң жүзінде табиғи монополия субъектілері бұл қызметтерді көрсете алмайды. Бұл шектеу 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, онда табиғи монополия субъектілеріне реттелетін қызметтермен технологиялық жағынан байланысты қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған.

Бұл өз кезегінде табиғи монополия субъектілерінің инфрақұрылымды тұрақты басқару және жылыту маусымында жылу беруді үздіксіз қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау мүмкіндіктерін шектейді», – дейді ол.

Осы жағдайларды айта келе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, бірнеше мәселені қарастыруды талап етті.

Сізден:  

1) электр энергиясын жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарды стратегиялық тауарлар тізіміне енгізу үшін Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына және тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген мемлекетке 50%-дан астам акциясы (үлесі) тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлерін қосу жөніндегі мәселені қарастыруыңызды сұраймыз:

жабдықтарын реттеу, көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жүйелерін жуу және сығымдау;

көрсету және жөндеу;

температуралық сынақ жүргізу;

ажырату;

Тэгтер:

депутат депутаттық сауал Мәжіліс отырысы