Мемлекет басшысы Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

28 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Ұлттық күн