Ауғанстанда аудан басшысы 100-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберген

27 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Ауғанстанның шығысындағы Лагман провинциясына қарасты Алингар ауданында жергілікті билік тұрғындардан тәркіленген музыкалық аспаптарды көпшіліктің көзінше өртеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Afghanistan International порталына жазған ақпаратқа сенсек, мерекелік шаралар кезінде тәркіленген жүзден астам барабан мен гитара отқа тасталған.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, соңғы бірнеше ай ішінде әртүрлі мерекелерден кемінде 109 музыкалық аспап жиналып, кейін түгелдей жойылған. Бұл шара елде музыкаға тыйым салынған заң аясында жүзеге асқан. Аталған тыйым «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін енгізілген.

Тэгтер:

өрт Ауғанстан өнер аспап музыка Талибан от гитара